Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бизнесменге тұрмысқа шыққан отандық модельдің тойы шетелде қалай өтті? (фото)

Опубликовано:

Отандық актриса, модель Айлин Елеукенова жақында тұрмысқа шықты. Instagram желісі арқылы көпшілікке танылған бойжеткеннің тойы Бакуде өткен. Осы орайда comode.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ желіде танымал арудың тойынан 10 қызықты дерек ұсынады.

Айлин Елеукенова. Фото: Актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Айлин Елеукенова. Фото: Актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

1. Актрисаның сүйіктісі бизнесмен

Айлин Елеукенова жұбайы жайлы ақпаратты жасырын қалдыратынын мәлім етті. Дегенмен оның өзге ұл емес қазақ азаматы екенін ашып айтты.

2. Айлин тойға киген екі түрлі көйлегін де Ресейден алдырған

"Тойымның ұйымдастыру жұмыстарына достарым көмектесті. Ал көйлекті Ресейден алдым. Үлкен көйлекпен залға жиналған қонақтарды күтіп алдық. Ал фатаның "испанка" атты түрін таңдаймын деп ойлағанмын. Бірақ өкінбеймін. Тойда екі түрлі көйлек кидім. Маған екі көйлекті де танымал дизайнер Назым Қарпықова тігіп берді", - деді модель.

3. "Мен әдемілікті жақсы көремін"

Актриса тойдың әр ұсақ-түйегіне дейін назар аударған.

"Мен үшін тойдың дизайны, әр декоры маңызды болды. Сондықтан бұл істе білікті досымның көмегіне жүгіндім", - дейді бойжеткен.

4. Тойбастар

"Дастарханға түрлі жаңғақтар мен балдан, тәттілерден тойбастар қойдық. Біз тойдың өз ерекшелігі болғанын қаладық ", - дейді Елеукенова.

5. Айлин Ресейдің қазағы

"Менің Ресейде туғанымды бәрі біледі. Салт-дәстүр жайлы білгеніммен, оның барлығы менің тойымда жүзеге асатынын бастапқыда қабылдай алмадым. Ал қазір ойым өзгерді. Заман өзгерсе де, дәстүрдің кейбірін сақтап қалған дұрыс екен", - дейді Айлин.

6. Тойда қыз-жігіттердің киіну стиліне де талап қойылған

Актрисаның айтуынша, қазіргі уақытта тойда қызыл, көк түстерді қолдану сәнге айналған. Алайда Айлин қыз-жігіттердің бәріне ашық түсті киім киюді тапсырған екен.

7. Күйеу жігіттің достары тойда төрт түрлі әнге билеп берген

Достарынан мұндай сый күтпеген қалыңдық пен күйеу жігіт өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.

8. Актриса Меган Марк пайдаланған әйгілі брендтің бояуларын пайдаланған

Бойжеткенге Dior Backstage танымал бренді өз бояуларын ұсынған.

9. Айлин Елеукенова күйеуінің тегіне өткен

"Біз арнайы астролог мамандардың айтуымен, 19 қазан күні заңды некеге отырдық. Ал тойымызды 10 қарашаға белгіледік. Мен тіпті "келін шайды" да құйып үлгердім. Бірақ күйеуім екеуміз уақытша Қарағандыда тұрамыз", - деді ағынан жарылған жас келін.

10. Актриса үш баланың анасы атануды қалайды

Жақында тұрмысқа шыққан Айлин, үш балалы ана болуды армандайтынын айтып берді.

Бірақ ол баламен үйде отырып қалуды ойламайды. Өзінің жоспары бойынша жұмыстарын атқара бермек.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Айлин Елеукенованың қыз ойнағын дүркіретіп өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763667-biznesmenge-trmyska-sykkan-otandyk-modeldi-tojy-setelde-kalaj-tti-foto/

pixel