RU
Өрттің ортасында қалған айдай сұлу ару құбыжыққа айналып кетті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өрттің ортасында қалған айдай сұлу ару құбыжыққа айналып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Оқыс оқиға 25 жастағы Турия Питті сұлулығынан айырып, өмірінің астаң-кестеңін шығарды. Көпшілік тамсана қараған талдырмаш мүсінді ару бір-ақ күнде құбыжыққа айналып шыға келді деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: Twitter

2010 жылы "Австралия аруы" байқауында жұлдызы жанған Турияға барша құрбылары асқан қызғанышпен қараған.

Инженер мамандығы бойынша оқуын тәмамдап, ауқымды компанияға жұмысқа кірген қыздың жетістігіне тамсана қарағандар саны арта түседі.

Оған қоса, бойжеткен ұзақ уақыт бойы жеңіл атлетикамен айналысқан. Ол мектептен бергі сүйіктісі Майкл Хоскинспен бірнеше жыл бойы марафондарды бағындырып келіпті.

Ғашықтар үйлену тойына дайындалып жатқанда 100 шақырымдық Racing The Planet-2011 ультрамарафонға қатыспақшы болады.

Ұйымдастырушылар оларды қабылдай алмайтынын айтып, шараға үш күн қалғанда Турияны ауырып қалған қатысушының орнына алатындарын хабарлайды.

"Марафонның алдында түнде түсімде өртті көрдім. Мен мұның ескерту екенін де ойламаппын" , - деді ару.

Жарыс болатын кезде күн қатты ыстық болған. Оған кең даладағы өрт себепкер болған. Турия мен тағы бірнеше қатысушы жалынның ортасында қалып қойып, адам сенгісіз жарақаттар алады.

Көпшілік сұлулығына қызғанышпен қараған бойжеткен денесінің 64%-ын күйік шалған.

Тікұшақпен бірден ауруханаға жеткен Турия коммаға түсіп қалады. Дәрігерлер оның аман қалуына сенімсіздікпен қараған.

Алайда өмір бойы спортпен шұғылданған арудың ағзасы бұл сынақты да еңсере алыпты.

Оң қолының саусақтарынан айырылған Турия 200-ден аса отаны өткізіп, ауруханадан 864 күннен соң бір-ақ шыққан.

Бірақ мұнымен қиыншылықтар артта қалмай, ол екі жыл бойы арнайы киім-кешек киіп жүруге мәжбүр болады.

Оқыс оқиғада зардап шеккен бойжеткеннің отбасы мен сүйіктісі оның еміне миллион еуро қаржы жұмсап, марафон ұйымдастырушыларын сотқа берген.

Олар өз кезегінде, өртте қалып қойған қатысушылардың бәріне 450 мың еуро төлейді.

Қайтадан өмірді бастауға Турияға сүйіктісі Майкл көмектескен. Ол ғашығы үшін басқа жұмысқа орналасады.

"Оянған соң, ең бірінші болып Майклдың жылап отырғанын көрдім. Оның қолында неке жүзіктері бар қорапша болды" , - деді Турия.

Бойжеткен емханадан шыққан соң екі айдан кейін ғашықтар заңды түрде некеге отырған. Ал араға бір жыл салып, олар Сиднейден Улуруға дейін велосипедпен жетеді.

Турия инженер жұмысын тастап, адамды жігерлендіретін оратор болып кеткен. Ол Австралиядан басқа, Африка елдерін аралап өз оқиғасымен бөлісуде.

Оған қоса, The Australian Women’s Weekly журналы Турияны өзінің басты бетіне шығарып, оны 2014 жылдың ең үздік әйелі деп атады.

Екі жыл бұрын Турия өзін арбап келген қорқынышынан құтылды. Енді ана бола алмаймын деп ойлаған ол ұл баланы дүниеге әкелген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
6
0
11
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel