RU
"Кокаин королі": Әйгілі Пабло Эскобар жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Кокаин королі": Әйгілі Пабло Эскобар жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Аса кедей отбасында дүниеге келген Пабло Эскобар бірнеше жылдан соң әлемнің ең бай әрі ауқатты тұлғасына айналып шыға келді. Колумбия тумасы тарихта қоғам қайраткері ретінде емес, танымал наркобарон болып қалды деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Facebook

"Кокаин королі" деген атаққа ие болған Пабло өзін шексіз байлыққа кенелткен заңсыз кәсібін биліктен жасырмай келді. Ол әлемдегі кокаин нарығының 80%-на жауап беріп, аптасына кемінде 420 млн доллар табыс тауып отырды.

Осы тұрғыда, заңсыз бизнесінің арқасында қыруар қаржы тапқан Пабло Эскобар жайлы сіз білмеген мәліметтерді назарыңызға ұсынбақпыз.

1. Эскобардың кортелі жылына жоқ дегенде 22 млрд доллар табыс түсіріп отырды.

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Instagram

2. Пабло контрабанда арқылы жылына АҚШ аумағына 15 тонна кокаин өткізіп тұрды.

3. Наркбарон жылына 2 млрд доллардан айырылып отырды. Паблоның тапқан қыруар қаражатының мөлшері жылдан жылға арта бергендіктен, оның 10 пайызын жойып тұруға тура келген. Өйткені ол ақша сақтайтын қойма не толып кетіп, не долларларды тышқандар кеміріп тастайтын.

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Facebook

4. Эскобар 1987 жылдан 1993 жылға дейін, жеті жыл қатарынан Forbes бойынша әлемнің ең ауқатты миллиардерлерінің тізімінде болған. 1989 жылы ол тіпті жетінші орынға дейін көтерілген.

5. Ай сайын ол 2,5 мың долларды қағаз ақшаны қыстырып тұратын резеңке үшін жаратып тұрды.

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Getty Images

6. Эскобардың Мануэла атты қызы тонып қалған кезінде, оның танымал әкесі перзентін жылыту үшін екі миллион долларды өртеп тастаған.

7. 1991 жылы Пабло Эскобар өзі тұрғызған түрмеге отырады. Алайда, ол жазасын өтеген абақты зәулім сарай іспетті болған. Оның ішінде хауыз, сауна, би алаңы, футбол ойнауға да мүмкіндік болды. Эскобардың туыстары оны қалаған уақытта көре алатын.

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Twitter

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Instagram

Фото: mixnews.lv

Фото: mixnews.lv
Source: Facebook

Сіздің реакцияңыз
1
2
4
1
1
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel