RU
Бастығының зорлық әрекеттерін әшкерелеген көпбалалы ана түрмеге түсті
Жаңалықтар Әлемде

Бастығының зорлық әрекеттерін әшкерелеген көпбалалы ана түрмеге түсті

Рассказать Вконтакте

Индонезияда бастығының зорлық әрекеттерін дәлелдейтін мағлұматтарды табыстаған көпбалалы ана түрмеден бір-ақ шықты. Әйел адам жарты жыл бойы абақтыда отыратын болады деп жазады lenta.ru сайтына сілтеем жасаған NUR.KZ.

Баик Нурил Макнун. Фото: The Independent. 1ZOOM.ru Коллаж: NUR.KZ.

Баик Нурил Макнун. Фото: The Independent. 1ZOOM.ru Коллаж: NUR.KZ.
Source: Facebook

Баик Нурил Макнун өзі жұмыс істеген мектептегі директор орынбасарымен телефон арқылы сөйлескенін таспаға жазып алған.

Оның қорғаушысы бұл әңгімені ол ер адамның тарапынан болған зорлық әрекеттерді әшкерелеу үшін сотқа тапсырғанын айтты. Алайда өзіне тағылған айыпқа қатысты азамат Макнунның үстінен қарама-қарсы шағым түсірген.

Ол өз әріптесін ерсі электронды ақпаратты сақтау және тарату жөніндегі заңды бұзғаны үшін кінәлауда.

Нәтижесінде, әйел адам жарты жылға абақтыға отырып, 500 миллион рупий көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелді.

Макнунға шыққан сот үкіміне бірқатар құқық қорғаушылар қарсы шыққан. Олар соттың шешімі болашақта әйелдер қауымына жасалған қастандық деп түсінеді.

Майдиана Рахмаватидің айтуынша, бұл жағдайдан кейін келіншектер өзіне көрсетілген зорлықтан кейін полицияға жүгінуден қорқатын болмақ.

37 жастағы Макнунның қорғаушысы шыққан үкіммен келіспейтінін жеткізіп, шағым түсіретіндерін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel