RU
Қытайда тарихтағы ең қымбат көлік таныстырылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытайда тарихтағы ең қымбат көлік таныстырылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бейжіңде тарихтағы ең қымбат Karlmann King жол талғамайтын көлігі таныстырылды. Оның құны екі миллион долларды құрайды. Бұл туралы bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

designyoutrust.com

Фото: designyoutrust.com
Source: Facebook

Көліктің сырт көрінісі керемет, ол бұрышты қырлардан тұрады және күңгірт қара түсті. Ол бэтмобильге немесе "Стелс" бомбалаушы ұшағына ұқсайды.

designyoutrust.com

Фото:designyoutrust.com
Source: Facebook

designyoutrust.com

Фото:designyoutrust.com
Source: Facebook

Karlmann King-нің әр моделі жеке тапсырыс бойынша дайындалады, жоба бойынша бар-жоғы он көлік шығару жоспарланып отыр. Тапсырысқа қосымша "оқ өтпейтін" опциясын қосуға болады. Сонда қалыпты көлік корпусы көмір талшығы мен болаттың қосымша бір қабатымен қапталады. Бұл көлік салмағын төрт жарым тоннадан алты тоннаға арттырады.

designyoutrust.com

Фото: designyoutrust.com
Source: Facebook

Көліктің ішкі көрінісі сырт келбетіне сай келмейді. Ішкі безендірілуі қымбат қонақүйдің кіре берісіне көбірек ұқсайды. Көліктің ішінен Sony Playstation және жерсеріктік телевидениені табуға болады.

designyoutrust.com

Фото:designyoutrust.com
Source: Facebook

designyoutrust.com

Фото:designyoutrust.com
Source: Facebook

Эксклюзивті көлікті Еуропадан келген инженерлер құрастырады. Компания өндіруші фирманың атын құпия ұстап отыр. Жобаның сайты потенциалды клиенттерге арналып жасалған, онда тек екі тілді: ағылшын және араб тілдерін таңдауға болады.

designyoutrust.com

Фото:designyoutrust.com
Source: Facebook

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel