RU
Немересін қырқынан шығарған Гүлзира Айдарбекова жұртты сыйлыққа көміп тастады (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Немересін қырқынан шығарған Гүлзира Айдарбекова жұртты сыйлыққа көміп тастады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын екінші ұлының тұңғышы дүниеге келгенін қуана хабарлаған Гүлзира Айдарбекова немересін қырқынан шығарды. Продюсер кенже немересін бесікке салған қыз-келіншекке жаппай алтын таққан деп жазады NUR.KZ.

Абыр-сабыр болған немерелерінің қуанышын Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасына жүктеп қойған.

"Өмірде қанша адамдармен араластым. Бәрі де керемет! Бірақ еңбекқорлығына қызыға қарайтыным, көп балалы ана, жүзінен нұр шашып тұратын, біреудің сыртынан өсек айта да білмейтін, құрбыларының және ағайындарының арасында абыройлы замандас құрбым, сіңілім Гүлбаршынның жолын берсін деп, Ақмөрімізді Тұрмыс келінім екеуіне бесікке салдырып, өкіл аналары деп ниет еттік", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Айта кетейік, продюсер өзінің қуанышына жиналған барлық қыз-келіншектерді сыйлықсыз қалдырмаған. Гүлзира Айдарбекова олардың біріне орамал тақса, екіншісіне шапан кигізіп, үшіншісіне алтын таққан.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлзира Айдарбекова жетелеп жүріп хитмен қылған ұлы Қайрат Нұртас өзінің отбасылық бизнесі жайлы айтып берген болатын.

Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
15
2
5
3
2
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel