RU
"Басқаша сөйлесем": Бүркіт ұшақта шу шығарған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Басқаша сөйлесем": Бүркіт ұшақта шу шығарған (видео)

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әнші Бүркіт ұшақ ішінде өзінің костюмін стюардесса қыздың лақтырып жібергенін жайып салды. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші басынан өткен оқиғаны жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүркіт. Фото: әлеуметтік желі

Бүркіт. Фото: әлеуметтік желі
Source: Instagram

Әншінің айтуынша, бұл оқиға сегіз жыл бұрын болған.

"Астанадан Павлодарға таңғы 07:00-де ұшатын болдым. Стюардесса қыздан қолымдағы костюмімді көрсетіп, "Қай жерге ілуге болады?" деп сұрадым. Бірақ ол қыз ұшақтың іші кішкентай екенін, еш жерге ілуге болмайтынын айтты. Костюмді ұстап отыру қиын болғасын, салонның артына барып, отыратын жерге қалдырып кеттім", - деді Бүркіт.

Алайда стюардесса костюмді қайта алып келіп, әншіге лақтырып жіберген.

"Мен сізге айттым ғой. Киімді қалдыруға болмайды" деп ұрысып берді. Адамдардың бәрі маған қарап қалған. Сосын жұрттың көзінше жарайды дедім. Осыдан кейін Стюардессаның артынан еріп барып, оның маған айқайламауын, олай болған жағдайда "Сенімен басқаша сөйлесем" деп ескерттім", - деген әнші қайтадан өз орнына барып отырған.

Алайда сол сәтте стюардесса қыз қайта келіп, "Сіз мені қорқытып тұрсыз ба?" деп айқайға басқан.

"Айналамдағы адамдар ол саған дауыс көтермеді" деп айтып жатыр. Ал ол командир мен полиция шақыртып, ұшқалы тұрған ұшақты тоқтатты. Солай мені түсіріп тастады", - деді өткен күндерін еске алды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіт пен Аишаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
15
8
5
6
3
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel