Выйти
RU

Баласының үстінен төніп тұрған елесті көрген жас әкенің зәресі ұшты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияда Стивен Армстронг есімді азамат бейнекамера арқылы кішкентай қызының үстінен бір елес төніп, оның мазасын алғанын көрген. Ер адам бастапқыда видеодағы ақ сұлбаны камера бетіндегі шаң деп ойлап қалыпты. Алайда үңіліп қайта қарағанда олай емес екеніне көзі жеткен деп жазады vistanews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

"Мен негізі мұндай нәрселерге сенбейтін адам едім. Бірақ өз көзіммен көргендіктен қол-аяғымды қозғалта алмай қалдым. Бұл өте қорқынышты болды. Енді қызымызды жалғыз қалдырмайтын болдық" , - деді жас әке.

Оның айтуынша, бұл оқиғаға дейін сәбидің төсегі жанында түсініксіз жағдайда қуыршақ пайда болған. Бастапқыда оған аса мән бермеген ата-ана, енді ойыншықтың ол жерде жатқанына тылсым күш иесі себепкер екенін кәміл сенімді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баласының үстінен төніп тұрған елесті көрген жас әкенің зәресі ұшты