RU
Жезөкшеге айналған әйгілі скрипкашының қалай көз жұмғанын білесіз бе?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жезөкшеге айналған әйгілі скрипкашының қалай көз жұмғанын білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың 7 наурыз күні маркиз Куинсберридің қызы есірткі салдарынан көз жұмған. 18 жастағы танымал скрипкашы Бет Дуглас соңғы түнін Лондондағы әйгілі нашақордың үйінде өткізген деп хабарлайды Fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk

Бұл қайғылы жағдай Куинсберридің басына қара бұлт үйірілгенін тағы бір рет дәлелдесе, британиялық басылымдарға жас ару туралы адам сенгісіз жаңалықтар шыға бастады.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Ару Лондондағы Ноттинг-Хиллда есірткіні асыра пайдалу салдарынан қайтыс болған.

Оның ес-түссіз жатқан жерінен өз ғашығы, келген қонақтардың бірі Дженан Карголи тауып алыпты.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Артынша тергеу үшін марқұмның телефонын алған полицейлер жантүршігерлік жағдайды анықтаған екен.

Бірнеше ай бұрын Маркиз Куинсберридің қызы есірткі пайдаланып, оған қажетті ақшаны жезөкшелікпен тауып жүріпті.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

"Мен бұрын-соңды есірткі пайдаланбаған қыздың қайтыс болып кеткенін түсіне алар емеспін. Ол алғаш рет өзіне олай екпе жасай алмас еді, оған біреу көмектескен шығар. Бірақ, полиция бұл жағдайды анықтауға күш салмай жатыр", -дейді Беттің туысы.

88 жастағы Маркиздің сегіз баласы бар. Бэт оның төртінші әйелінен туған қыз.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Бет леди алты жасында скрипкада ойнап, түрлі музыкалық конкурстардың жеңімпазы атанған. 2007 жылы оның ата-анасы айырылысса, 2009 жылы 34 жастағы ағасы Майло өз-өзіне қол жұмсаған.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Ал 14 жасында Comic Con фестиваліне барған аруды белгісіз азамат зорлап тастапты.

Алғашында виртуалды төсек қатынасы арқылы ақша тапқан ару кейін жезөкшелікпен айналысып кеткен.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Ару 20 еуроға шешініп, 30 еуроға іш киімдерін сатып жүрген екен.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk

Сіздің реакцияңыз
1
0
18
17
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel