RU
Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі ұлын іздей бастаған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі ұлын іздей бастаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Күйеуімен ажырасып кеткенін ел алдында жылап отырып айтып берген Мөлдір Әуелбекова сол оқиғадан кейін бұрынғы жұбайының қайта хабарласқанын мәлім етті. Тимур Балымбетовтің "Шыны керек" бағдарламасына қонаққа келген әнші күйеуінің ұлын іздеп, туған күнін бірге өткізуді қалағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: gakku

Мөлдір Әуелбекова. Фото: gakku
Source: Instagram

"Біздің де көз жасымызды тыя алмай қалатын кездеріміз болады. Мен де сондай уақыттан өтіп жатырмын деп ойлаймын. Бірақ бүгін ол кісі жазды. "Баланың туған күнін тойлайықшы" деді. Әрине мен келісемін. "Баланы алып келші" деп отыр.
Бірақ мен жоспарлап қойдым. Баламның әкесі болып жүрген өзімнің әкем, анасы болып жүрген өзімнің шешем. Сол кісілермен өткіземін деп ойлағанбыз. Бұйырса, екі жасқа толады. Ал басқа күндері мен қарсы емеспін. Баланың тегін, туыстарын білгені дұрыс қой", - деді ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова продюсері Баян Алагөзовамен татуласып, желтоқсан айында өтетін жеке кешіне шақырғанын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel