RU
17 жастағы қыздың балықтан жүкті екенін айтқан ауыл жұрты жаға ұстатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

17 жастағы қыздың балықтан жүкті екенін айтқан ауыл жұрты жаға ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Филиппин аралдарында орналасқан елдімекеннің тұрғындары 17 жастағы қыздың балықтан жүкті болғанын жайып салды. Ауылдастары жеті айда іші көріне бастаған бойжеткенді аяусыз сынға алуда деп жазады rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rambler.ru Коллаж: NUR.KZ.

Фото: rambler.ru Коллаж: NUR.KZ.
Source: Twitter

Бакакай провинциясына қарасты Албай муниципалитетінде 17 жастағы Кимберли есімді ару жеті айда іші шығып, он келіге толып кеткен.

Кимберли өзін жазғырған жұртты аяғы ауыр емес екеніне сендіріп бағуда. Бойжеткен балық тұрмақ, тіпті көңіл білдіріп жүрген жігіттердің жоқтығын айтады.

Дегенмен ауыл тұрғындары өз пікірін өзгертер емес. Олар 17 жастағы қыз баяғыдан келе жатқан тыйымды бұзды деп күдіктенуде.

"Қыз балалар етеккір кезінде және ол аяқталған соң 5 күн бойы өзенге түспеуі керек. Бұл тыйымды бұзғандар түрлі ауруға шалдығып, жыртқыш балықтарға жем болуы әбден мүмкін", - дейді тұрғындар.

Ашулы халыққа қызының жүкті емес екенін дәлелдемек болған ерлі-зайыптылар оны УДЗ тексерісіне де алып барған. Нәтижесінде Кимберлидің аналық бездің ісігінен зардап шегетіні анықталды.

Фото: rambler.ru

Фото: rambler.ru
Source: Twitter

Алайда жұртшылық УДЗ суретінен балықтың басын байқап, өз болжамының растығына одан сайын сенімді бола түсті.

Фото: rambler.ru

Фото: rambler.ru
Source: Instagram

Орынсыз қауесеттерді тоқтату үшін дәрігерлер ел алдында тірі балықтың адам ішінде бола алмайтынын түсіндіруге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз
10
2
16
6
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel