RU
Қазақстандық оқушыларға тегін мүшеқап тарату жоспарлануда
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық оқушыларға тегін мүшеқап тарату жоспарлануда

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық оқушыларға көп ұзамай тегін мүшеқаптар таратылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Осылайша шенеуніктер жоспарсыз жүктілік санын азайтпақшы деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

espanarusa.com

Көрнекі фото:espanarusa.com
Source: Facebook

Бұл норманы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізу жоспарлануда. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазақстандық жасөспірімдер дұрыс ақпарат алмағандықтан контрацепция құралдарын пайдаланбайды. Шенеуніктің сөзінше, мектепте мүшеқаптың таратылуы бұл мәселені шешуі мүмкін.

Есмағамбетова тағы бір норма туралы айтып өтті. Ол бойынша 16 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз жасөспірімдерге түсік жасауға рұқсат етілуі мүмкін.

Оның сөзінше, барлық жауапкершілік көмек көрсеткен медициналық қызметкерлерге артылатын болады.

Ведомство басшысы осы ұсынылған нормалар қалаусыз жүктілік пен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстық түсіктер жасату санын азайтатынын айтып өтті.

Қазір бұл мәселелер талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
60
12
5
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel