RU

Джеки Чанның қызы өзінен 12 жас үлкен әйелмен шаңырақ көтерді (фото)

Джеки Чанның 19 жастағы қызы Этта У Чжолинь өзінен 12 жас үлкен канадалық модельге тұрмысқа шықты. 2017 жылы өзінің лесбиянка екенін мәлім еткен қызын актер үйінен қуып шыққан деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жас жұбайлар Канаданың Торонто қаласында заңды некеге отырыпты.

Бұл жаңалығымен Этта У Чжолинь өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

31 жастағы канадалық модель Энди Отоммен бас қосқан актердің қызы неке куәлігін көрсетті.

Айта кетейік, Этта 2017 жылы өзінің бір жынысты қарым-қатынасты қолдайтынын мәлім еткен болатын.

Ол ЛГБТ туын қолына ұстап, "Түсінбегендеріңіз болса, мен - лесбиянкамын", - деп жазған болатын.

Алайда Джеки Чанн қызы Этта У Чжолиннің бұл шешімін қолдамай, үйден қуып шыққан.

Ал бойжеткен өзінің сүйген аруымен бірге біраз уақыт көшеде түнеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765656-dzeki-canny-kyzy-zinen-12-zas-lken-jelmen-sayrak-kterdi-foto.html