RU

Қытайда іздеу салынған "ең сұлу" қылмыскер қызға көпшілік тәнті болды

Қытайда полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан бойжеткенге іздеу салды. Қыздың суретін көрген желі қолданушылары бойжеткенде "ең сұлу қылмыскер" деп атап, әдемілігіне тәнті болған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

InfoSinBandera
Фото:InfoSinBandera: Facebook

Бойжеткен қылмыстық топтың құрамында болған екен. Ол барларға барып, келушілердің ақшаларын алдап, тартып алып отырған.

Қылмыскерлер алты ай бойы алаяқтық жасаумен айналысыпты.

Күдіктінің сыныптасы мектеп кезінде жігіттердің бәрі сол қызға ғашық болғанын айтқан.

Желі қолданушылары қылмыскер қыздың сұлулығының арқасында танымал блогер атанып, заңды бұзбай-ақ ақша табуына болатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765704-kytajda-izdeu-salyngan-e-slu-kylmysker-kyzga-kpsilik-tnti-boldy.html