RU
Шотландиядағы ең сұлу ару ескі суреттері үшін лауазымынан айырылды
Жаңалықтар Әлемде

Шотландиядағы ең сұлу ару ескі суреттері үшін лауазымынан айырылды

Рассказать Вконтакте

"Шотландия аруы" байқауының жеңімпазы 35 жастағы Натали Павелек ерлер журналдарына ашық-шашық суретке түскені үшін лауазымынан айырылды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: uaportal.com

Фото: uaportal.com

Байқау ұйымдастырушылары Натали бұрынғы мансабы туралы ақпаратты жасырғаны үшін оны тәжінен айырған. Алайда Натали мансабы туралы хабарлау керек екенін білмеген. Бұл суреттерге ол 20 жасында түскен екен.

"Байқау маған әйел адамның әртүрлі кедергілерге қарамастан көп нәрсеге қол жеткізе алатынын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Модельдік өткенімді ешқашан жасырған емеспін. Қол жеткізген жетістіктерімді мақтан тұтамын", - деді Натали.

Байқаудың тәжін екінші орын алған, бұрынғы арнайы жасақ әскерінің жауынгері және Гарри ханзаданың досының әйелі Алана Стоттқа берілген.

"Мен әлемде ең көп сатылатын ерлер журналының мұқабасына шықтым және Ұлыбританиядағы ең танымал байқаудың жеңімпазы болдым. 20 жаста жасаған таңдауым мені қазіргі күйге жеткізді. Мен бұл әйелді жақсы көремін", - деді Натали Павелек.

Байқау өкілдері Наталиді ашық-шашық суреттері үшін емес, оны ұйымдастырушылардан жасырғаны үшін тәжден айырғандарын айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel