RU
Қазақстанда Apple Pay қызметі іске қосылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанда Apple Pay қызметі іске қосылды

Рассказать Вконтакте

Еуразиялық банк, Mastercard және Apple бірігіп "алма сүйгіштердің" асыға күткен - Apple Pay қызметін іске қосты.

Қазақстанда Apple Pay қызметі іске қосылды

«Біз технологияларға инвестициялаймыз және клиенттерімізге ең озық инновацияларды ұсынуға тырысамыз. Осы жылдың мамыр айында Еуразиялық банк банктердің арасында бірінші болып Android қолданушылары үшін NFC көмегімен байланыссыз төлем қызметін таныстырды: біз қазақстандықтардың телефон арқылы төлем жасауға деген үлкен қызығушылығын байқадық және осы уақыт ішінде осындай қызмет Apple құрылғысының иелері үшін қолжетімді болғанын қалайтын "алма сүйгіштердің" көптеген өтініштерін алдық. Бүгін біз Еуразиялық банктің карталарын ұстаушы iPhone және басқа да Apple құрылғыларын пайдаланатындар үшін Apple Pay-ді ұсынамыз. Қазақстанда бүкіл әлемде танымал төлем жүйесінің пайда болуы – дәстүрлі "пластиктен" бас тарту бағытында тағы бір қадам. Біздің клиенттеріміз байланыссыз төлемдердің қолайлылығын, қауіпсіздігін және жайлылығын бағалайды деп үміттенеміз", - деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Павел Логинов.

Сатып алуларыңызды iPhone SE, iPhone 6 және iPhone құрылғыларының одан да жаңа үлгілерімен, сондай-ақ Apple Watch "ақылды" сағаттарымен, iPad және MacBook арқылы төлеуге болады. Еуразиялық банктің картасын ашып, оны өз құрылғыңызға тіркеп, байланыссыз төлемдерді қолдайтын терминалдар орнатылған жерде және Интернетте төлем жасауыңызға болады. Қазақстанда POS-терминалдардың шамамен 65% - ы және бүкіл әлем бойынша 1 миллионнан астамы байланыссыз төлемдер қызметін қолдайды, қазіргі уақытта банктер NFC технологиясы бар терминалдық желіні белсенді түрде кеңейтуде.

Картаны Apple Pay-ге қосу үшін Apple құрылғысындағы Wallet қолданбасын ашу керек, төлем картасын қосу, картаны сканерлеу немесе оның нөмірін қолмен енгізу үшін " + " пернесін басу керек. Осыдан кейін картаның CVV деректерін, картаның қызмет ету мерзімін және СМС арқылы алынған бір реттік паролді енгізу қажет. Осы сәттен бастап пластикалық картасыз тауарлар немесе қызметтер үшін есеп айырылысуға болады. Төлем терминалына iPhone құрылғысын жақындатып Touch ID, құрылғының паролін еңгізу немесе экранға қарап Face ID арқылы төлемді растау жеткілікті. Содан кейін "дайын" деген жазу пайда болады. Төлем жасалды. Сіз шопингті жалғастыра аласыз.

Apple Pay арқылы Интернетте сатып алу да оңай және ыңғайлы. IPhone, iPad немесе Mac арқылы Safari-де онлайн төлем жүргізу үшін енді тіркелудің немесе ұзын сауалнамалар толтырудың қажеті жоқ. Тек Apple Pay-ды пайдаланыңыз. Ал MacBook Air және MacBook Pro-дегі Touch ID технологиясымен бір рет түрту арқылы төлем жасай аласыз. Бұл бұрынғыдан да тезірек және қауіпсіз. Айтпақшы, төлем картасының нөмірі Apple құрылғысында да, серверлерінде де сақталмайды және ол төлем кезінде сатушыларға берілмейді. Оған құрылғының бірегей есептік жазбасының нөмірі беріледі және ол жазба Secure Element құрылғысындағы чипте шифрланып сақталады.

28 қарашадан бастап Еуразиялық Mastercard карталарын ұстаушы клиенттер Apple Pay -ді байқап көре алады және банктің: қолма-қол ақшасыз есеп айырылысқанда 6%-ға дейінгі бонустар, карта бойынша қаражат қалдығына 10%, картаның тегін шығарылуы және әрекет ету мерзімі ішінде карта бойынша тегін қызмет көрсету сынды қосымша "бонустарын" бағалай алады. Еуразиялық банктің картасына pay.smartbank.kz арқылы үйден шықпай-ақ онлайн тапсырыс беріп, картаны үйге дейін тегін жеткізу қызметін қолданыңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel