RU
Қаңтардан бастап отандық кәсіпкерлердің қарызы кешіріледі
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қаңтардан бастап отандық кәсіпкерлердің қарызы кешіріледі

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салықтық амнистия жүргізіледі деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

skladrep.ru

Көрнекі фото:skladrep.ru
Source: Facebook

Амнистияға қатысатын 90 мың кәсіпкер жалпы сомасы 340 миллиард теңгені құрайтын қаражат қарыз екен.

Кәсіпкерлер 2018 жылдың бірінші қазанындағы көрсеткіш бойынша есептелінген негізгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтейтін болса, мемлекет өсімақы немесе айыппұлдарды кешіруге міндеттелді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ведомство 130 миллиард теңгені шығынға жазбақшы. Оның 123 миллиард теңгесі өсімақы, 7,3 миллиард теңгесі айыппұлдар екен.

Амнистияға акцизделген тауар өндірушілері, мұнай саласындағы компаниялар мен жалған кәсіпорындар қатыса алмайды.

Салық қарыздары жағынан Қарағанды облысы көш бастап тұр. Облыс қарызы 56 миллиард теңгені құраған.

Екінші орында Алматы қаласы - 54,2 млрд теңге, үшінші орында - 48 млрд теңгемен Шымкент қаласы. Шығыс Қазақстан облысының қарызы 39,3 миллиард теңгені құраған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel