RU
Қызылордада сүндеттелген баланың кесіндісін жеген келіншек ұлды болды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада сүндеттелген баланың кесіндісін жеген келіншек ұлды болды

Рассказать Вконтакте

Қазақ халқы ер баланы ерекше жақсы көреді. "Ұлым-ізбасарым, ұрпағымның жалғасы" деп ер балаға қатты көңіл бөлетін біздің халық ұлды болу үшін ежелден түрлі ырым-тыйымдарды да пайдаланған. NUR.KZ порталы назарларыңызға ұл баланы өмірге алып келу үшін жасалатын сондай ырымдардың бес түрін ұсынады.

Көрнекі фото: theartaktobe.satu.kz

Көрнекі фото: theartaktobe.satu.kz
Source: Depositphotos

1. Ежелде енелер жаңа сойылған малдың ұлтабарын жас келінге жегізген.

Осы арқылы келін жүкті болса, өмірге ұрпақты жалғар ұл тусын деген ниетін, тілектестігін жеткізген.

2. Сүндеттелген баланың кесіндісі

Қазақта сүндеттелген ұл баланы қалған кесіндісін кептіріп, ұнтақтап, етпен қоса қуырып жеу деген ырым бар.

"Бұл біреуге күлкілі, біреулерге қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ амалы қалмаған адам осы әдіске де сүйенеді екен. Үлкен інімді сүндеттегенде әжеміз, кесіндіні қағазға орап алып қалды. Кейінірек төрт қыз босанған жеңгеме жоғарыда аталғандай әдіспен жегізген екен. Арада біраз уақыт өткенде жеңгем өмірге шекесі торсықтай ұл баланы алып келді. Бұл ырымның әсері ме, әлде сәйкестік пе білмедік", - деді біздің қызылордалық кейіпкер.

3. Ер адамның қару-жарағын жастанып жатқан

Ежелде келіншектер ұл туғысы келсе, ерінің қару-жарағын жастанып жатқан. Ал қызды болғысы келсе, керісінше жүзік-сырғаны, моншақты, қызыл түсті матаны жастанған.

Сондай-ақ аяғы ауыр келіншек түсінде қанжар, қару-жарақ көрсе ұл босанады деп сенген. Ал керісінше, қызыл-жасыл жылтырақ дүние мен сырға-жүзік көрсе, дүниеге қыз баласы келеді деп болжаған.

4. Ұл балалы болу үшін оқылатын дұға

Islam.kz сайтының мәліметінше, ұл балалы болуды қалаған ерлі-зайыпты қосылардың алдында "бисмилла" деп, "Ықылас" сүресін үш рет оқуы керек. Артынша төмендегі дұға жолдарын қайталайды.

"Аллахуммажални мин ладунка зүрриятән тайибәтән мұтиятән" - "Аллам, маған өз тарапыңнан таза саған бағынатын ұрпақ нәсіп ете көр".

5. Ұлы көп әйелдің киімін кию

Халқымызда тіпті ұлы көп үйдің әйелінен киім алып кию де әдетке айналған. Мұның астырында да "Сол әйелдің жолын берсін", "Мен де ұлды болайын" деген тілек жатыр.

Сіздің реакцияңыз
11
5
22
0
3
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel