RU

Тышқандарды өлтіруге қимаған жігіт оларға үй салып берді

Саймон Делл есімді фотограф ауласында пайда болған тышқандарды өлтіруге қимай, оларға үй салып берген деп жазады www.segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:happiest.net
Фото:happiest.net: Instagram

Ер адам бастапқыда ауласынан бір тышқан тауып алған. Оған Джорж деп ат қойып, сабаннан үй де салып берген.

Арада біраз уақыт өткенде ол тағы бір тышқанның пайда болғанын байқайды.

Осыдан кейін фотограф екі жәндікке үлкен үй салып берген.

"Мен тышқандарға ауладан үй салып беремін деп шешім қабылдадым. Олардың мысықтың немесе басқа жануарлардың жемтігі болғанын қаламадым. Сондай-ақ оларға тамақ апарып тұрамын. Мен фотограф болғандықтан, жақсы суреттер түсіргім келді", - дейді Сеймон Делл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766358-tyskandardy-ltiruge-kimagan-zigit-olarga-j-salyp-berdi.html