RU
Өзбекстанда жол полицейлері жүргізушіні жабылып ұрып өлтірген
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзбекстанда жол полицейлері жүргізушіні жабылып ұрып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманган облысындағы Гурумсарой ауылының 53 жастағы тұрғыны Бахром Асадуллаевті жол полицейлері жабылып ұрып өлтірген. Бұл туралы Служба новостей центральной Азии сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

centralasian.org

Фото:centralasian.org
Source: Facebook

Оқиға 27 қараша күні болған. Шағын автобусты жүргізіп келе жатқан Асадуллаевті жол полицейлері тоқтатқан. Алайда ер адам олардың талаптарына құлақ аспай, өтіп кеткен. Жол полицейлері тәртіп бұзған азаматты қуып жетіп, соққыға жығыпты.

Аяусыз соққыға жығылған азаматты полицейлер жедел жәрдемге өздері апарыпты. Ауруханада жасалған медициналық сараптама ер адамның жүрек талмасынан көз жұмғанын көрсетіпті.

Алайда марқұмның денесінен көптеген көгерген іздерді көрген туыстары қайта тексеру жүргізуді талап еткен.

Марқұм Асадуллаевтың бауыры Жамолиддин ағасын төрт полицей жабылып өлтіргенін алға тартып отыр.

"Ол ауруханаға жетпей қайтыс болған. Ағам жедел жәрдемге жеткен кезде, дәрігерлер оның 15 минут бұрын жүріп кеткенін хабарлаған", - деді Жамолиддин.

Асадуллаевтің туыстары марқұмның киімі түк қалмай жыртылғанын хабарлап отыр.

Екінші сараптама қорытындысы әлі шықпаған. Жол полицейлеріне қатысты тексеру басталған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
8
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel