RU
Орыс қызына үйленген корольдің анасы ұлының таңдауына қарсы шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Орыс қызына үйленген корольдің анасы ұлының таңдауына қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Малазия королі Мұхаммад V пен сұлулық патшайымы Оксана Воеводинаның некесі желіде қызу талқылануда. Корольдің анасы ұлының таңдауына қарсы шыққан деп жазады Комсомолькая правда сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

spb.kp.ru

Фото:spb.kp.ru
Source: Facebook

Король Мұхаммед пен модель Воеводинаның некесі Ресей мен Малазия жұртын дүрліктірді. Алайда Воеводина патшайым бола алмайды. Малазия заңы бойынша шет елде туылғандар монарх лауазымын ала алмайды екен.

spb.kp.ru

Фото:spb.kp.ru
Source: Facebook

Куала-Лумпурда сегіз жыл бойы тұратын туристік гид Татьяна Иванова Малазияда бұл неке туралы ресми ақпарат жарияланбағанын хабарлады.

"Мұхаммадтың анасы бұл некеге қарсы болған. Ол ұлының таңдауын құптамайды екен. Біріншіден, әйелі шетел азаматшасы. Екіншіден, ол мұсылман болып туылмаған. Жарты жыл бұрын ислам дінін қабылдағаны ештеңені өзгертпейді", - деді Татьяна.

Корольдің анасының пікірінше, күйеуге шығу үшін дінін өзгертуі ниетінің арамдығын көрсетеді екен.

spb.kp.ru

Фото:spb.kp.ru
Source: Facebook

Дегенмен күйеуі тақтан кеткен кезде, Воеводина сұлтанның әйелі атағына ие болуы мүмкін.

spb.kp.ru

Фото:spb.kp.ru
Source: Facebook

Сіздің реакцияңыз
11
4
0
1
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel