RU
Ауру әкесін тас жолға тастап кеткен әйел абақтыға қамалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауру әкесін тас жолға тастап кеткен әйел абақтыға қамалды

Рассказать Вконтакте

Жапонияда қартайған ауру әкесін үйінен 70 шақырым жердегі тас жолға тастап кеткен бойжеткен абақтыға қамалды деп хабарлайды Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Damir Sagolj / Reuters

Фото: Damir Sagolj / Reuters
Source: Twitter

Оцу қаласының 46 жастағы тұрғыны Ритсуко Танака 79 жастағы әкесін Кобе қаласының маңындағы техникалық қызмет бекетіне апарып тастаған. Ондағы жұмысшылар жалғыз жүрген шалды байқап, оның мекен-жайын сұрамақ болған.

Алайда ауруға шалдыққан ақсақал өз есімін де, қызының есімін де атай алмапты.

Бекет қызметкерлері оның кім екенін анықтап, қызына хабарласқан. Ол өз әрекетін теріске шығармаған. Ақырында әкесін тастаған азаматша тұтқындалды.

"Мен оны тұтқындап, қарттар үйіне жібергені дұрыс деп ойладым",- деген ол.
Сіздің реакцияңыз
3
3
3
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel