Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Локомотив" футболшысы өлі күйінде табылды (видео)

Опубликовано:

"Локомотив" футбол клубының 18 жастағы жартылай қорғаушысы Алексей Ломакиннің көз жұмған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

topnews.ru
Фото: topnews.ru: Facebook

3 желтоқсан күні Ломакиннің анасы ұлының жоғалғаны туралы хабарлаған. Футболшының денесі Мәскеудің оңтүстігінде табылған.

Футболшы 30 қараша күні клубының медициналық орталықтарының біріне ем-дом қабылдауға кеткен, содан кейін байланысқа шықпаған.

Ломакиннің анасы ұлының досымен бірге ішімдік ішкенін анықтаған.

Мәскеулік "Локомотивтің" футболшысы Алексей Ломакин өмірінің соңғы сәттері видеоға түсіп қалған. Видеода 18 жастағы спортшының Городня өзеніне қарай кетіп бара жатқанын көруге болады. Сосын жігіт жардан құлап кетеді.

Ломакиннің курткасын алып шыққан түлкі де кадрға түсіп қалған. Куртқадан марқұмның құжаттары табылған.

Соңғы рет жартылай қорғаушы жастар командасының құрамында 2018 жылдың қыркүйегінде Динамо клубымен ойнаған. 2018-2019 маусымында Ломакин үш матчқа қатысқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1766720-lokomotiv-futbolsysy-li-kjinde-tabyldy-video/

pixel