RU
90 әйелді аяусыз өлтірген қандықол қылмыскер әлемді шошытты
Жаңалықтар Әлемде

90 әйелді аяусыз өлтірген қандықол қылмыскер әлемді шошытты

Рассказать Вконтакте

АҚШ азаматы Самуэль Литтл жарты ғасыр бойы әйелдерді өлтіріп, жазадан құтылып кетіп жүрген. 72 жастағы ер адам жиырма төрт штатта 90 әйелді өлтірді деп күдіктелуде. Бұрынғы дәрігер тонау, ұрлық және есірткі саудасы үшін 10 жыл түрмеде отырып шыққан. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Pascagoula Police Department/Mandy Gambrell

Фото:Pascagoula Police Department/Mandy Gambrell
Source: Facebook

Литтл алғаш рет нашақор әйелді 1976 жылы өлтірген. Құрбанын соққыға жыққан соң оны байлап, сосын зорлаған.

1980 жылдың соңында үш әйелді өлтіргені үшін қандықол қылмыскер үш рет өмір бойына сотталған. 1994 жылғы қылмысына қатысты істі тергеу басталғанда ер адам барлық қылмыстарын мойындаған.

Ол жасаған қылмыстардың басым бөлігі ашылмаған қылмыстар болыпты. Тергеу барысында 40 жыл бұрынғы 30-дан аса қылмыстың беті ашылды.

"Оның айтқандарының бәрі бізде бар ақпаратқа сай келіп отыр. Кейбір жайттарды өзі ғана білген. Барлық қылмыстарды Литтл жасағанын дәлелдесек, ол әлемдегі ең қанішер қылмыскер болады", - деді Эктор округының прокуроры Билли Блэд.
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel