RU
Балалар қоспасынан сынап бөлшектерін тапқан шымкенттік ананың сәбиі ауруханаға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Балалар қоспасынан сынап бөлшектерін тапқан шымкенттік ананың сәбиі ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тұрғын балалар тағамынан сынап бөлшектерін тауып алғанын айтады. Бұл туралы жас ана екі айлық нәрестесінің балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен соң ғана білген. Оның сөзінше, сынап бір емес екі бірдей балалар қоспасының қорабынан табылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото:kremen.today

Көрнекі фото:kremen.today
Source: Depositphotos

Шымкенттік тұрғын 22 жастағы Маржан Сманова қалалық № 1 ші балалар ауруханасында нәрестесімен бірге ем қабылдауда.

29 қарашаның кешінде құса-құса әлсіреп қалған екі айлық нәрестемен ананы жедел жәрдем көлігі осы емдеу мекемесіне жеткізген. Мұндағы дәрігерлер сәбиді бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

"Бала үйінде бірнеше рет құса берген. Мазасызданып сүт ішпей қойған. Реаниматолог, хирург, педиатр мамандары қарап шықты. Екі айлық жас мөлшерін ескере келе интенсивті терапия бөліміне алдық. Бала түскенде жағдайы ауыр болатын. Бірден өкпесі мен асқазанына рентген жасадық. Нәтижесінде асқазанынан бөгде зат анықталды. Келесі күні баланың үлкен дәретінен анасы бөгде затты байқаған.
Дәрігерлер сынап бөлшектеріне ұқсатты. Токсиколог маман шақырттық. Консилиум жасадық. Қайтадан рентген түсірілімін жасадық. Қайтадан бөгде заттар байқалды. Токсиколог маманның айтуынша, сынап бөлшектері баланың дәретімен денесінен шығып кетеді екен. Аса ауыр зияны жоқ. Қазір баланың жағдайы қалыпты. Сүтін ішіп жатыр", - дейді №1 қалалық балалар ауруханасының дәрігері Гүлжанат Наурызова.

Бастапқыда ауруханада дәрігерлер ата-анасынан, сәбидің туыстары дәрігерлерден көріп, кінәлай бастаған көрінеді. Бірақ келіншектің сөзінше, дәл осындай сынап бөлшектері өзге қоспаның ішінен де шығыпты.

"Балам үйде құсап құса берді. Ауруханада жөргегін ауыстырып жатып үлкен дәретінен сынап шариктерін байқап қалдым. Токсиколог келген соң екі-үш градусниктің көлеміндей сынап балаға зияны жоқ деп айтты. Үйде бөтелкемен қоспа бергенде сынап емізіктің де тесігінен де өтіп кете береді екен ғой. Байқамағанбыз.
Күйеуім де дәл сондай сынап бөлшектерін жаңа ғана сатып алған балалар тағамының, яғни қоспасының қорабынан тауып алғанын айтты. Тіпті көлемі де көп болған. Дәрігерлер баланы басқа қоспамен тамақтандыруға кеңес берді" ,- дейді Маржан Сманова.

Дәрігерлер емізіктің тесігінен сынап бөлшектерінің өтуі өте күмәнді екенін айтады.

"Қоспаның әсерінен, немесе сынаптан баланың жағдайы әлсіреген деп кесіп айта алмаймыз. Емізіктің тесігінен сынаптың бөлшектерінің өтуі өте күмәнді болып тұр. Баланың диагнозы-ішектің функционалды бұзылысы", - дейді №1 қалалық балалар ауруханасының дәрігері Гүлжанат Наурызова.

Маржанның айтуынша, ол балалар қоспасын Шымкенттегі шағын аудандардың біріндегі дәріханалардың бірінен сатып алған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
14
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel