RU
Қазақстан азаматы Бішкекте оқушы қызды қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қазақстан азаматы Бішкекте оқушы қызды қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Бішкекте Қазақстан азаматы үйіне қайтып бара жатқан оқушы қызды қағып кеткен. Бұл туралы "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: screen-ad.ru

Көрнекі фото: screen-ad.ru
Source: Depositphotos

Қайғылы оқиға Бішкек-Қордай тас жолында, Ленинское елді мекенінде болған.

Бірінші сынып оқушысы автобус аялдамасының жанында жолдың жиегінде тұрған.

Белгісіз себептермен қазақстан азаматы тізгіндеген жүк көлігі қыз баланы қағып кеткен.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген, қазіргі таңда ол тұтқындалған.

Кішкентай қыздың өмірін жалмаған апаттың себептерін жергілікті полиция өкілдері анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel