RU
Жұбы ұстай алмай қалған мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлады
Жаңалықтар Спорт

Жұбы ұстай алмай қалған мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлады

Рассказать Вконтакте

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Эшли Кейн Хорватияда өтіп жатқан Golden Spin турнирінде жарақат алып қалды деп хабарлайды Чемпионат.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Басылымының жазуынша, қойылым кезінде спортшы қызды бірге өнер көрсететін жұбы Тимоти Ледук ұстай алмай қалған. Салдарынан бойжеткен мұзға басымен соғылған. Бұған дейін 23 жастағы ару тағы бір мәрте құлаған екен.

Дегенмен мұзда болған оқиғаға қарамастан Кейн орынан тұрып, өнерлерін аяқтаған. Кейін ол дәрігерлерді көмегіне жүгінген. Себебі әділқазылар бағасын тыңдау кезінде спортшы қыз мойнына киілген арнайы фиксатормен отырған.

Бұдан кейін Эшли Кейн Twitter-де өзі үшін алаңдап қалған жанкүйерлеріне алғыс айтып, ауруханадан шыққанын қажетті емді үйде қабылдайтынын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
4
2
15
15
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel