RU

"Өнер қырандары" он балалы анаға үйдің кілтін сыйлады (фото, видео)

"Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театры мен "Харекет" қайырымдылық қоры бірлесе отырып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент елді мекенінің он баласы бар тұрғынына үйдің кілтін табыс етті деп жазады NUR.KZ.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram

"Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театры Он балалы Гүлнар Керімбекова баспана сыйлағаны жайлы Instagram парақшасында бөлісті.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Instagram
"Шымкент қаласындағы кешіміз де ерекше өтті. Осы кеште "Харекет" тобы 50-ші үйдің кілтін он баласы бар анаға табыс етті. Барлығына алғыс айтамыз. Алла разы болсын", - деп жазды әзіл-ысқақ театрының ұжымы.

"Өнер қырандарының" бұл игі ісін көрген желі қолданушылары оларға алғысын жолдаған.

"Өнер қырандары". Фото: ernur.kz
"Өнер қырандары". Фото: ernur.kz: Instagram

"Алла разы болсын", "Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын", "Бақытты болыңыздар", "Қандай керемет. Жаутаңдаған он балаға баспана алып бердіңіздер", "Сіздердей азаматтар елімізде көп болсын" деп желідегілер жылы лебізін жаудырған.

Айта кетейік, осыған дейін "Өнер қырандары" мен "Харекет" тобы бірлесе отырып еліміздің түпкір-түпкіріндегі тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы 50 отбасыға үй алып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767800-ner-kyrandary-on-balaly-anaga-jdi-kiltin-syjlady-foto-video.html