Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тиісті пәтерді ала алмаған үшемнің әкесі жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

1 желтоқсан күні ақтөбелік Юлия мен Борис Балабековтың жанұясында Максим, Даниил және Алине есімді үшем дүниеге келген. Үш жасар Милананы қосқанда төрт баланың әке-шешесі атанған ерлі-зайыптылардың тіркеуде тұрған орны, баспанасы мен табыс көзі жоқ. Ал тіркеусіз жұбайлар жәрдемақы алып, пәтер кезегіне тұра алмайды екен. Бұл туралы "Диапозон" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Диапозон
Фото: Диапозон: Twitter
"Әйелім Президент күні туғанда үлкен құрмет көрсетілді. Дәрігерлер жұбайыма облыс әкімі келгенше перзентханадан шықпай, әкімді күте тұру қажеттігін, бізге пәтер берілуі мүмкін екенін айтты.
Ал әкім келгенде журналистер қашан пәтер берілетінін сұрады. Сол кезде ол қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан. Алайда артынан тұрғын үй қорына хабарласқанымда маған ешқандай пәтер берілмейтінін жеткізді", - дейді үшемнің әкесі Борис Балабеков.

Облыстық аурухананың перзентханасында екі ұл, бір қыз баланы дүниеге әкелген Юлия өз күйеуімен бірге туыстары берген 14 шаршы метрлік үйде тұрады.

"Бізге ешқандай материалдық көмек көрсетілген жоқ. Тіпті, сыйлықтрды да әкімдік емес, демеушілер берді. Әйелім төрт баланы бағып-қағуға үлгермеген соң мен амаласыздан бір ай бұрын жұмыстан шығып кеттім.
Бұрын электрик болып қызмет еткенде ақшамыз жететін. Қазір біз уақытша туыстарымыздың үйіндеміз. Менің ата-анам жоқ, ал жұбайым балалар үйінен. Негізі, берілген уәделер көп болған.
Алайда барлығы әкімдіктің әлеуметтік желідегі суреттерімен тоқтап қалды. Адамдардың барлығы бізден неге үй бермегенін сұрап жатты. Мен де сұрақ қойдым, бірақ олар мені бұғаттап, пікірімді өшіріп, артынша суретті де өшіріп тастады.
Біз мерекеден соң хабрласатын шығар деп күттік. Бірақ анықталғандай, жәрдемақыны да екі айдан кейін ғана алады екенбіз. Ал бұл күндері біз ауруханада тегін тамақ ала алмадық, Себебі, барлығы демалып жатты", - дейді 35 жастағы отағасы.

Борис пен Юлия балаларын аш қалдырмас үшін неке жүзіктерін де ломбардқа өткізіп тастаған.

Фото: Диапозон
Фото: Диапозон: Facebook
"Біз балаларға тамақ алу үшін неке жүзігімізді өткіздік. Бұл үшін бізге 30 мың теңге берді. Оған мен азық-түлік сатып алып келдім. Бізге әлеуметтік жұмысшы бөлуді қарастыра ма деп ойлағанбыз. Бірақ біз алтаумыз бөлмеге әрең сыйып жатырмыз.
Тіпті, не істерімізді де білмей қалдық. Ал пәтер алуға кезекке тұру үшін міндетті түрде тіркеу керек, ал бізде ол жоқ. Алты адамды бірден кім өзіне тіркей салады. Осыған қатысты мен Дариға Назарбаеваға да хат жаздым.
Біздің шенеуніктерде коттедждер мен көліктер бар, ал біз баламызға нан таба алмай отырмыз. Біздің мемлекеттік халыққа неге бұлай қарайтынын түсіне алар емеспіз. Неге мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қорғамайды? Біз ертеңгі күніміз қалай боларын білмейміз", - дейді Борис.
Фото: Диапозон
Фото: Диапозон: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769371-aktbede-tiisti-pterdi-ala-almagan-semni-kesi-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel