RU
Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаев бидің түбін түсірді

Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаев бидің түбін түсірді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде отандық эстраданың жарық жұлдыздары Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаевтың биі тарап кетті. Бұл бейнежазбамен "Музарт" тобының мүшесі өз Instagram парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Халықтың сүйіктісі Бесбаев видеоның астына "Битіп биле" деген жазба қалдырған. Қоңыр дауыс иесі бейнежазбаға аталған әнді орындаушы Бейбіт Қушқалиевті белгілеп те кетіпті.

Артынша бұл видеомен Мақсат Базарбаев та бөліскен.

Сахна серілерінің бұл биі желі қолданушыларының көңілінен шыққан сыңайлы. Себебі, олар қос әншіге тек қана оң пікірлер жазып қалдырыпты. Бейнежазба 16 сағаттың ішінде 163 мың қаралым жинап та үлгерген екен.

"Екеуіңе де жарасады", "Аман болыңдар, салмақты ағалар", "Жаны жайсаң жандар", "Керемет" деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel