RU
Қыз-келіншектердің етінен бәліш жасаған еркек жаға ұстатты

Қыз-келіншектердің етінен бәліш жасаған еркек жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Бразилия соты бұрынғы професор Хорхе Бельтрао Негромонте да Сильвейра мен оның әйелі және көңілдесіне қатысты үкім шығарды. Аталмыш үштіктің қатысы бар жантүршігерлік оқиға осыдан алты жыл бұрын күллі әлемді дүр сілкіндірді. Олар адам етінен бәліш жасап сатқан деп жазады belnovosti.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Сотталушылар 2012 жылы Гараньюс қаласында тұтқындалып, екі әйелдің өліміне күдіктелген болатын. Алайда, шындық одан бетер қорқынышты болып шықты.

Анықталғандай, үштік түрлі сылтау бойынша қыз-келіншектерді үйіне шақыртып, артынан олардың өлтіріп отырған. Ең сорақысы, өлі адам етінен қылмыскерлер бәліш жасап сатқан.

Олар бір әйелді оның бір жарым жастағы қызының көзінше өлтірген. Кейіннен бүлдіршінді өз анасының етімен тамақтандырады. Балақайға жаны ашыған отбасы оны тіпті, өз баласы ретінде тәрбиелеп өсірген.

Ұсталғаннан кейін ер адам бұл қыз-келіншектерді "ұрлықшылар мен жаман адамдардың әйелі болғандықтан өлтірдім" деп ақталуға тырысқан.

Хорхе да Сильвейраның өзі мен көңілдесі 71, ал әйелі 68 жылға сотталды. Алайда, қылмыскерлер өз кінәсін мойындамайды. Олар бұл әрекетімен қоғамды надандардан тазарттық деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз
0
7
13
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel