Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2018 жылы сәбилі болған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Опубликовано:

2018 жыл отандық эстарада жұлдыздарының біразы үшін айрықша жыл болды. Ит жылы бірқатар әншілер екінші, үшінші мәрте ата-ана атанып, қуаныштарын еселей түсті. NUR.KZ назарларыңызға биылғы жылы сәбилі болған жұлдыздар тізімін ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Биылғы жылы үшінші мәрте ата-ана атанған жұлдызды жұптардың қатарында Бүркіт пен Аиша бар. Әншінің жары осы жылдың сәуір айында Бүркітке Сафия есімді қыз сыйлаған еді.

Ит жылы "қызды" болғысы келген тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт болып табылады. Үш ұлдың анасы атанып отырған Бейбіт Сейдуалиева таяуда ғана Шаһнұр есімді төртінші ұлды дүниеге әкелді.

Әнші, актриса Салтанат Бақаева да 2018 жылдың наурыз айында шекесі торсықтай ұл баланы өміре әкелген еді. Сәби актрисаның үшінші ұлы болып табылады.

Күні кше ғана үшінші қызын дүниеге әкелген әншілердің арасында Маржан Арапбаева да бар. Әнші де қызына Сафия деген есім берген.

Сол сияқты Заттыбек Көпбосынұлының отбасында да ит жылы атұстар дүниеге келді. Бұған дейін Айзере есімді қыздың әкесі атанған әнші ұлын перзентханадан лимузинмен шығарып алған еді.

Ал күні кеше белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова бесінші баласын дүниеге әкелді. Қабатовтар отбасында дүниеге келген сәбиге – Райымбек есімі берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1769916-2018-zyly-sbili-bolgan-otandyk-zldyzdar-kimder-foto/

pixel