RU
АҚШ азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы жан сырымен бөлісті (фото)

АҚШ азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы жан сырымен бөлісті (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та тұратын қазақ қызы қазақстандық жастардың Америкаға біржола кетуінің себептерін айтып берді. Осыдан біраз жыл бұрын шетел асқан келіншек сол жақта өз бақытын жолықтырып, тұрмыс құрып үлгерген деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

Шетелге қоныс аударуының себебі Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдайға байланысты емес деп сендірген Анель Әділбаева қазір Вашингтонда тұрады.

"АҚШ-қа кетуімнің Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдаймен еш байланысы жоқ. Бұл менің балалық арманым, оған өте жақсы жан себепші болған. Ол кісі мектепте ағылшын тілінен репетитор болатын. Бірнеше жылдық мұғалімдік қызметтен соң, Астанаға жақсы жұмыс іздеп кетті, кейіннен тіпті арман қуып АҚШ-қа аттанды.

Міне дәл сол адам менің арманыма түрткі болды, тілді оқуға деген ынтамды ашып, арманға қадам басуыма себепші болды. Бірақ 15-17 жасымда елден кету орындалмас армандай көрінетін. Алайда орындалады екен»", - дейді ол.

Анелдің айтуынша, қазақ жастарының Америкаға қоныс аударуы айтарлықтай жиілеген.

Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

"Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар жақсы жағдайда өмір сүргісі келеді. Ал Америка мүмкіндігі мол, дамуға жағдай жасалған ел. Қазақстандықтардың бұл жаққа көптеп келуінің бір емес бірнеше себебі бар. Әркімде әртүрлі. Бірақ менің ойымша, Қазақстаннан келетін эмиграция айтарлықтай өскен. Әсіресе ол жастар арасында кездеседі. Басты себеп елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай", - деген пікірін білдірді ол.

АҚШ-та тұрақтап қалған қазақ қызы сол жақтағы отандастарымыздың тұрмыс - тіршілігі туралы көрген-білгенін әңгімелеп берді.

"Мен танитын қазақтардың көпшілігі осында біршама жыл тұрып келеді. Кейбірінің жеке кәсібі бар, оқуда жүрген отандастарымыз да көп. Көпшілігі тұрақты жұмыс істейді, табыстары жақсы. Америкада маңызы жоғары медициналық сақтандыру рәсімдеп алған", - дейді қазақ қызы.
Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

Фото: Анель Әділбаеваның жеке мұрағатынан/ NUR.KZ

Анель Әділбаеваның айтуынша, әр штатта қазақтардың өз бірлестіктері бар. Олар еліміздің әр ресми мейрамдарымен қатар отбасылық іс-шараларда бас қосып тұрады.

"Мұндағы қазақтар өте тату, еліміздің ресми мейрамдарының бірде-бірін қалдырмай, мерекелік шаралар ұйымдастырып отырады. Үлкендерге, балаларға көңіл көтеру кештерін өткізіп, табиғат аясына шығып тұрады", - дейді ол.

Анель Қазақстаннан кетерде Америкада тұрақтап қаламын деп мүлде ойламаған. Өзінің айтуынша, ол АҚШ-тан өмірлік серігін, махаббатын жолықтырған.

"Мен қайта Қазақстанға оралам деп айта алмаймын. Өйткені мұнда менің отбасым, өз үйім бар. Кез келген жерде қиындыққа кезігесің. Алғашында маған да оңайға түспеді. Бірақ уақыт өте келе бәріне үйренісесің. Ал жаныңда сені жақсы көретін, қолдап, демеу беретін жан болса тіпті керемет", - деп жан сырымен бөлісті Анель Әділбаева.
Сіздің реакцияңыз
31
2
2
13
4
27
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel