Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рымбаева сыйлаған": Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы көйлегін киіп шықты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова Роза Рымбаева өзіне 20 жыл бұрын сыйға тартқан көйлегін киіп шығып, көпшілікті таңғалдырды. Әнші өнердегі әпкесі берген киімді оның құрметіне арналған бағдарлама түсіріліміне киіп барған депжазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы көйлегін киіп барғанын өзінің Instagrаm парақшасында хабарлаған. Әнші Роза Рымбаева "Жас Қанат" байқауы кезінде сыйға тартқан киімнің өзі үшін аса ерекше екенін жеткізді.

Мадина Сәдуақасова өнердегі әпкесімен алғашқы таныстығы кезіндегі суретті әлеуметтік желіде жариялаған.

"Ең бірінші сурет тура 20 жыл бұрын "Жас Қанаттың" финалынан кейін жасалған, қасымызда Маэстро Кеңес Дүйсекеев , менің үстімде Роза Қуанышқызының сыйға тартқан көйлегі... Кеше "Қазақстан" арнасындағы "Дара жол" бағдарламасы Роза Қуанышқызына арналған, сол көйлекті әдейі киіп бардым. Сосын суретке түстік , келесі фото сол кешегі бағдарламадан.
20 жыл кәдімгідей уақыт қой! Өзгердік әрине, бірақ Роза Қуанышқызымен арамыздағы сыйластық еш өзгермеген! Дана Нұржігіт сол "Жас Қанаттың" жүргізушісі болған" , - деп ағынан жарылды әнші.

Еске сала кетейік, Роза Рымбаева мен Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің"Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1770378-rymbaeva-syjlagan-madina-sduakasova-20-zyl-bryngy-kjlegin-kiip-sykty-foto/

pixel