Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Әл-Фараби, Саин көшелеріндегі көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымға азайтылмақ

Жарияланған күні:

Алматыда көлік апатынан әрбір үш күн сайын бір адам өлімі тіркеледі. Осы себепті Әл-Фараби, Саин көшелеріндегі көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымға азайтылмақ деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: inalmaty.kz
Фото: inalmaty.kz: Instagram

Бұл жайында қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының басшысы мәлімдеді.

Алып шаһардағы үлкен даңғылдарда бұрын көліктің жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін рұқсат етілсе, 2019 жылдың 15-қаңтарынан бастап  бұл көрсеткіш күшін жояды.

Әл-Фараби даңғылы, Саин көшелерінде тек сағатына 60 шақырым жылдымдықпен ғана жүруге рұқсат етілмек. Өйткені тек аталған көшелердің өзінде тәулігіне оннан астам жол апаты орын алады екен. 

Құзырлы мекеменің мәліметінше, биыл Алматыда 4 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, салдарынан 121 адам қайтыс болған.

"Халықаралық тәжірибені зерттей келе, орташа жылдамдықты төмендету  арқылы апатты едәуір азайтуға болатынын анықтадық. Мәселен, дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының  мәліметі бойынша, жылдамдықты 5% көбейту жол апатын 10% пайызған, ал қайғылы жағдайды 20% пайызға арттырады екен.

Егер біз Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты азайтсақ, жолаушылар тек 2 минутқа ғана кеш жүреді екен. Есесіне адамдар аман қалады. Сондықтан жылдамдықты азайту дұрыс шешім", - деді Алматы қаласы полиция департаменті жедел басқару департаментінің басшысы Андрей Квашнин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770495-almatydagy-l-farabi-sain-kselerindegi-klik-zyldamdygy-sagatyna-60-sakyrymga-azajtylmak/