RU
Алматыдағы актриса өлімі: ІІМ жантүршігерлік жол апаты жөнінде мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы актриса өлімі: ІІМ жантүршігерлік жол апаты жөнінде мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

ІІМ Алматының қақ ортасында орын алған жантүршігерлік жол апаты жайлы ресми мәлімдеме жасады. Тәртіп сақшылары Шолпан Елгезек атты актриса қаза тапқан жол-көлік оқиғасының тергеу жұмысы әділ өтетінін уәде етті. Бұл жөнінде ведосмтвоның ресми өкілі Алмас Садубаев айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, zakon.kz Коллаж: NUR.KZ

Министрліктің мәлімдеуінше, оқиға орнынан қашып кеткен Mercedes Benz G-55 көлігінің жүргізушісі тұтқындалып, қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кеткен.

"Тергеу бөлімі жол апатын жан-жақты қарастырып тергеу үшін барлық қажетті шараларды іске асырып жатыр. Тергеу жұмыстарының әділ өтетініне күмән келтіруге негіз жоқ" , - деді Садубаев.

Оған қоса, ІІМ ресми өкілі қайтыс болған актрисаның отбасына көңіл айтып, жансақтау бөлімінде жатқан Айзада Сатабылдиеваға тезірек жазылып шығуын тіледі.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

29 желтоқсан күні таңғы уақытта болған апатты жағдай салдарынан отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы жалпы үш адамның өмірін жалмады.

Оған қоса, көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінде жатқызылған. Күні кеше, оның есін жиғаны туралы хабарланған болатын.

Күні кеше, полицейлер жантүршігерлік жол апатына қатысы бар көлік жүргізушісін тұтқындады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
17
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel