RU
Қырғыз туыстарын тапқан франциялық балақай көз жасын тыя алмады
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз туыстарын тапқан франциялық балақай көз жасын тыя алмады

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Жди меня" бағдарламасы 11 жастағы франциялық балақайдың жантебірентерлік тағдырын баяндады. Кирилл Николя Морша жаңа жыл қарсаңында аяз атаға емес жақындарымен қауыштыратын бағдарламаға хат жазған деп хабарлайды Космольская правда басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Кирилл "Жди меня" бағдарламасынан өзінің туыстарын табуын өтінген.

Ол биологиялық анасының 38 жастағы болғанын, алайда есімін білмейтінін, күйеуі қайтыс болғанға дейін тастап кеткенін және балалары көп болғанын, өзін өмірге әкелгеннен кейін бір аптадан кейін көз жұмғанын ғана білетінін айтады.

Белгілі болғандай франциялық Катрин Колетт Бубьян 2009 жылы Мәскеудегі балалар үйінен екі жастағы сәбиді асырап алады. Ал балақайдың биологиялық анасы Толқынай ұлын дүниеге әкелген кейін қайтыс болған.

Кириллидің хатынан соң бағдарлама журналистері оның туыстары мен туған ағасын іздеп тапқан.

Қырғызстаннан келген үлкен отбасы бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрады екен. Балақайдың қырғыз әпкесі Алтынайдың айтуынша, Кириллдің анасы жүктілігінің төртінші айында көршісінен туберкулез ауруын жұқтырған.

Ал дәрігерлер марқұм келіншекке екі таңдау қояды. Оның бірі емделуді бастау, ол кезде іштегі баланы сақтап қалу мүмкін емес. Ал екіншісі өз өмірінді құрбан етіп, баланы сақтап қалу.

Кириллдің анасы екінші жолды таңдап, ұлына өмір сыйлайды.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Сол уақытта туыстары кішкентай сәбиді өздеріне алып қалу үшін қырауар құжатты жинауға кірісіп кетеді. Тіпті Алтынай керекті құжаттарды алып, Қырғызстаннан орлағанда бәрі кеш болады. Ақ халаттылар баланың сенімді қолда екенін айтады.

Франциядан Ресейге ұшып келген 11 жастағы жеткіншек бағдарламада жақындарын кездестіргенде көз жасын тоқтата алмады.

Ал Кириллдің туған ағасы Қырғызстанның Ош облысы Араваннан аулынан табылғанын естігенде тіпті тебіренбеген көрермен қалмайды.

Туған бауырлар интернет арқылы сөйлесіп, міндетті түрде кездесуге уәделеседі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
12
1
43
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel