Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметке ашық түрде кір келтірді: ІІМ шулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

ІІМ әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап кеткен полиция қызметкерлері қатысқан видеоға байланысты жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:aigak.kz
Фото:aigak.kz: Instagram

Министрліктің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қазақстандықтардың сыны орынды. Ол қызметкерлер ашық түрде жұмысқа кір келтірді деп санайды. Ведомства әрбір жағдаймен жеке айналысатынын жеткізді.

Сәдубаев ІІМ-де үлкен реформа болатынын жеткізді. Қабылдау қатаң аттестация арқылы өткізілетінін айтты.

"Жалпы, қазақстандық полиция ребрендингі бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұр", - деді Сәдубаев.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің өз әріптестерін "бауырлары" мен "бандаға" теңеп, жаңа жыл мерекесімен құттықтаған видеосы тараған еді. Кадрдан көптеген курсанттарды да аңғаруға болады.

Кейінірек шенді азамат жұмыстан қуылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771520-kyzmetke-asyk-trde-kir-keltirdi-iim-suly-videoga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel