Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тен өлімі: Арман Құдайбергенов айна ұрлауды интернеттен үйренген

Опубликовано:

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша өткен сот отырысында күдіктілердің бірі Арман Құдайбергенов өзінің қылмыс әлеміне қалай келгенін айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram

Сот отырысы барысында Арман Құдайбергеновтің 2018 жылдың мамырынан бастап көліктердің айналарын ұрлап, оны базардағы белгісіз тұлғаға 40 мың теңге көлемінде саудалап жүргені анықталды.

Сондай-ақ, күдікті  көлік айнасын ұрлағаны үшін жәбірленушінің 400 мың теңге деп көрсеткен шығынымен келіспейтіндігін және айнаның бағасы ондай қымбат тұрмайтындығын айтты.

"Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын. Маған ақша қатты қажет болды. Алматыда жүргенде ақша жинап жүрдім. Жинаған қаражатымды Астанадағы анама бергім келді. Астанада ақшам қалмады. Тұратын жерім де болған жоқ. Тағы қылмыс жасасам, полицейлер ізіме түсетінін білдім. Сол үшін Алматыға кеттім",-  деді Арман Құдайберген.

Сөзінің соңында Арман Құдайбергенов көлік айнасын ұрлауды қайдан үйренгенін айтты.

"Оның бәрі интернетте тұр. Содан үйрендім", - деді сотталушы.

Бүгінгі отырыста тергеумен айналысқан Астана полиция басқармасының  анықтаушысы Фариза Разбековадан сұрақ жауап алынған болатын.

Полиция қызметкері қылмыскердің неге бостандыққа жіберілгенін түсіндірді. Одан соң Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Өстеміров қылмыскерге қатысты бұлтартпау шарасын қабылдауда өрескел заң бұзғаны үшін полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды сұрады.

Айта кетейік, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771563-denis-ten-limi-arman-kdajbergenov-ajna-rlaudy-internetten-jrengen/

pixel