Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта жүрген қазақстандықтар дабылды ескертуден соң жаппай елге қайтуда

Опубликовано:

Таиландқа демалысқа кеткен еліміздің тұрғындары қатты дауыл болады деген дабылдан соң елге қайтып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pattayapeople.ru
Көрнекі фото: pattayapeople.ru: Facebook

Синоптиктер Пабук деп атаған дауыл Таиландтың Самуи, Пхукет, Краби секілді танымал демалыс аралдарын шайып өтеді деп болжам жасауда.

Көптеген туристер аралдарды тастап, елдеріне қайтуда. Қазір демалыс орындарының басым бөлігі бос тұр.

Жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, қосымша азық-түлік және сумен қамтамасыз етілуде.

Демалыста жүрген отандастарымыздың айтуынша, қазақстандықтардың көбісе үйлеріне ұшып кеткен.

Қалғандары аралдың қауіпсіз жерлеріне көшіріліпті.

"Елге аман есен оралғымыз келеді. Қорқыныш бар халықтың арасында", - деді демалыста жүрген Альбина Асхатова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771606-tailandta-zrgen-kazakstandyktar-dabyldy-eskertuden-so-zappaj-elge-kajtuda/

pixel