Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас спортшы Путинді кумирі санайтынын айтты

Опубликовано:

2018 жылдың қазан айында Аргентинадағы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының "алтынын" жеңіп алған, ҰОК сыйлығының "Жыл серпіні" номинациясы бойынша лауреат атанған Глеб Брусенский мен Евгений Федоров SportX.kz сайтына сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Facebook

Сұхбат барысында Глеб өзінің жеті жастан бастап велоспортпен айналысатынын, спортқа келуіне анасы әсер еткенін айтты. Ал Евгений өз мансабын 10 жасынан бастағанын жеткізді.

Спорттан басқа қызығушылықтары туралы сөз еткен Глеб Брусенский видеоға түсіріп, оны өңдегенді жақсы көретінін мәлімдеді.

Жас спортшының сөзінше, оның өмірлік кумирі Владимир Путин мен Александр Винокуров, Алексей Луценко мен Петр Саган екен.

Ал хоббиі туралы әңгімелеген Евгений Федоров компьютер ойындарын жақсы көретінін атап өтті.

Талдықорғандық спортшылар алдағы уақытта тек үздіктер қатарынан көрінуді мақсат тұтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1771647-kazakstandyk-zas-sportsy-putindi-kumiri-sanajtynyn-ajtty/

pixel