Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италиялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі елді салыстырып берді

Опубликовано:

Италиялық азаматпен бас қосқан Малика Қараджанова - бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. Ол қазір жұбайымен Палермо қаласында тұрып жатыр. Қазақстандық ару италиялықтардың отандастарынан немен ерекшеленетінін айтып берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

sputniknews.kz
Фото:sputniknews.kz: Facebook

1. Италияда адамдар 10 жылға дейін некелеспей жүреді

"Жұбайым екеуіміз өткен жылы сәуірде ғана үйлендік. Біздің қоғам үшін бұл жат нәрсе екенін білемін, бірақ ата-анам еркін көзқарасты адамдар. Біз екі мемлекет арасында өмір сүргеннен кейін көп құжат рәсімдеу керек болды", - деді Малика.

Мұндай ұзақ кездесудің сыры отбасылық құндылықтардың жоғары бағалануында екен. Италияда ажырасу көп болғанымен, Қазақстанмен салыстырғанда жүз есе аз.

"Италияда адамдар кеш үйленеді. Бәрі бірнеше білім алады десе болады. Күйеуім 47 жасында үйленді. Жас айырмашылығымыз 20 жыл. Бірақ ол әлі күнге дейін білім алып жүр", - деді Малика.
sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: Facebook

2. Қариялар сезімдерін білдіруден қысылмайды

Маликаның сөзінше, италиялық еркектер жұрт ойлағандай романтик емес екен. Күйеуі оған сыйлық таңдатып, ақшасын төлейтін жасырмады.

Әйтсе де, мұнда қариялар қол ұстасып жүреді. Ер адамдар анасына жақын, әйелдерін қатты қызғанады екен.

Италиялықтар қазақтар сияқты қонақжай. Бірақ бір жерге бармас бұрын алдын-ала ескертетін көрінеді.

"Батыста қонақ өзімен бірге тамақ ала келеді. Біз қонаққа барсақ, өзімізбен бірге асбасқы, қызыл шарап немесе балмұздақ апарамыз. Арнайы отырыс болса, оған міндетті түрде дайындалады. Енем бізді асқа шақырған кезде дастарханға оннан астам тамақ әзірлейді. Туған күн болса, міндетті түрде аққайнар құйылады", — деді Малика.

3. Адамдар шаш күтіміне ерекше мән береді

85 жастағы енесі аптасына үш рет шаштараз шақыртады екен.

"Жергілікті әйелдер шаш үлгісін үнемі жасатып отырады. Балалармен жүріп аптасына бірнеше рет сұлулық салонына баруға уақытым болмайды. Соны байқаған енем "Малика, сенің шаштаразың жоқ қой деймін. Мен саған өзімдікін бере тұрайыншы. Сен де шаштараз қызметін пайдалан" деген кішігірім ескерту жасады. Әрине, енем секілді аптасына бірнеше рет шаштараз қызметіне жүгінетін уақытым жоқ. Десе де, сұлулық салонына аптасына бір рет барып тұрамын", — деді ол.

4. Тойды несиеге жасау ұят нәрсе

Қазақ қоғамы мен италия қоғамының басты айырмашылығын атап өтті. Мұнда ата-аналар мүмкіндігінше балалардан бөлек тұруға тырысады. Сондай-ақ, италиялықтар үшін өз үйіңде тұру маңызды емес. Тіпті, қартайғанша пәтер жалдап тұра берулері мүмкін. Малика италиялықтардың тойға несие алуды ұят деп санайтынын айтты.

"Мұнда той жасауға үш-төрт жыл бойы дайындалады. Мұнда да 200-300 адамға арналған тойлар өтеді, бірақ ондай тойды екі жақ бірігіп өткізеді", - деді Малика.

5. Декреттік демалыс үш ай мерзіміне беріледі

Мұнда жұмыс табуы қиын, сондықтан әйелдердің басым көпшілігі көп бала тумайды. Декреттік демалыс та үш айға ғана беріледі. Маликаның қызы мен ұлының арасы үш жыл. Екеуі бір күнде, бір сағатта дүниеге келген. Қызы 2014 жылы 28 наурызда сағат 04:15-те, ал ұлы 2017 жылы 28 наурызда сағат 04:12-де туылған. Қызының есімі — Ямур, ал ұлының аты — Микеле.

sputniknews.kz
Фото:sputniknews.kz: Facebook
"Әдетте Еуропада табыс жоғары деп жатады. Меніңше, бұл қате түсінік. Себебі, мұнда өмір сүру деңгейі жоғары және барлығы қымбат. Яғни күнкөріс деңгейі Қазақстанмен бірдей десек те болады.

Италияда әйелдерді өте жоғары бағалайды. Қазақстанда әйел адамдар бірінші орынға бала-шағасын, күйеуін, кейін туыстарын, соңында өзін қояды.

Ал Италияда керісінше әйелдер бірінші орынға өзін, кейін күйеуін, соңында балаларын қояды", — деді Малика Қараджанова.

6. Тамақты көбінесе ер адамдар әзірлейді

Италияда аналар балаларының бәріне тамақ жасауды үйретеді. Маликаның жолдасы бастапқы бір-екі жылда тағамды өзі әзірлеген. Қазір де аптасына бірнеше рет түскі асты өзі дайындайды. Аталған елде бас аспаздардың барлығы дерлік — ер адамдар екен.

sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771653-italialyk-zigitke-trmyska-sykkan-kazak-kyzy-eki-eldi-salystyryp-berdi/

pixel