RU

Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздаған (видео)

Ақтауда түнгі барлардың бірінің келушілері арасында төбелес болды. Жанжал кезінде олардың бірі қару қолдануға әрекет жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Жанжалдасушылар түнгі клубтан дереу шығарылған.

Ал оқиғаның мән-жайын мейрамхана қызметкерлері айтып берген.  

"Келушілер өзара ерегісіп жатқанда, олардың біреуі көлікке барып, тапаншасын алып шықты. Травматикалық қару болса керек. Сырттан қарап тұрғандардың бірі полиция шақырды.

Бұзақыларды тыныштандыру үшін жедел әрекет ету жасағы да келді. Сол жерде полиция қызметкерлері қонақтарды тінтіді. Ешкім ешкімді өлтірген жоқ", - деп түсініктеме берді "Ладаға" түнгі клубтың әкімшілігі.

Айта кетейік, желіде оқиға орнында түсірілген видео таралып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771814-aktauda-tngi-klubty-zanyndagy-tbeles-atyska-lasa-zazdagan-video.html