RU

Қарағандыда монша кешені өртеніп кетті (фото)

Қарағандыда екі қабатты монша кешені өртеніп кетті. Келушілер тысқа өздері шығып үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Куәгерлерден
Фото: Куәгерлерден: UGC

Өрт 5 қаңтарда Ермеков көшесі бойында орын алған. Өрт сөндірушілер төтенше жағдай орнына келген кезде екі қабатты монша кешенінің сыртқы қабырғасы мен шатыры жанып жатқан.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Жалын 130 шаршы метрді шарпыған. Бір сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді.

Оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен 45 өрт сөндіруші жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771849-karagandyda-monsa-keseni-rtenip-ketti-foto.html