RU
Ерке Есмахан мен Мейрамбек Бесбаев Таиландта демалуда (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмахан мен Мейрамбек Бесбаев Таиландта демалуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарапайым халық жаз мезгілінде шетелге саяхаттауды жөн көрсе, әншілер мен шоу-бизнес өкілдері әлем аралауды қыс мезгіліне қалдырады. NUR.KZ порталы жаңа жылда шетелде демалуды жөн деп шешкен жұлдыздар тізімін ұсынады.

Ерке Есмахан, Бесбаев, Асхат Тарғын. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Ерке Есмахан, Бесбаев, Асхат Тарғын. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Өнер иелері өздері саяхаттаған сәтті суретке түсіріп, желідегі оқырмандарымен бөлісіп отырған.

"Музарттық" Кенжебек Жанәбілов биылғы жылдың алғашқы күндерін отбасымен бірге Дубайда қарсы алды. Әнші Instagram парақшасына саяхаттың естелік суреттерін жүктеді.

Әріптесінің ізінше отбасылық саяхатқа Мейрамбек Бесбаев та аттанған. Бірақ әнші қыстық демалысқа Таиландты таңдаған.

Бесбаев та шетелдік саяхатқа жұбайы мен балаларын ерте барған.

Әнші де Instagram парақшасына балалары мен әйелінің суреттерін сәт сайын салып отырды.

Таиландта демалуды жөн деп шешкендердің бірі - Ерке Есмахан. Әншінің Insta-stories-інен ұлы Мүсілімді деп Таиландқа ала барғанын білдік.

Әнші өзінің Instagram парақшасында Таиландтың көрікті жерлері мен жан-жануарлар бағының суреттерін жүктеген.

Тіпті әнші трюк жасау үшін санын жалаңаштап, оқырмандарының сынына ұшырап үлгерді.

Таиландқа саяхатха аттанғандардың қатарында танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей де бар.

Оның Instagram парақшасынан демалысқа екі баласымен шыққанын байқауға болады.

Ал Асхат Тарғын 2019 жылды ата-анасымен бірге Меккеде қарсы алды.

"Ата-анамыздың алдындағы борышымызды өтей алмасақ та, "Алла разылығы үшін бір қызметін өтейік" деген ниетпен үлкен сапарға аттанып бара жатырмыз. Алла тілек-дұғаларымызды қабыл етсін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel