Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяға жібермей қойды: Қазақстандық студенттер үйлеріне қайтатын болды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяға тіл курстарына жіберілмей, Алматыда тоқтаған семейлік студенттер туған қалаларына оралатын болды. Шәкәрім атындағы университет бұл мәселеге қатысты қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mota.ru
Көрнекі фото: mota.ru: Facebook

Cемей мемлекеттік университетінің халықаралық факультет деканы Найля Төлебаева қазіргі уақытта студенттердің жағдайы жақсы екенін айтады. Олардың бірнешеуі оңтүстік астанада туыстарының үйінде қалуды жөн көріпті.

23 қазақстандық студент семейлік университетпен серіктестік аясында оңтүстік кореялық ЖОО-дан шақырту алып, сол елде сабақ өтуі қажет болған.

Анықталғандай, шет ел тарапы Қазақстан жастарын демалыс уақытында тіл оқып, елдің тұрмысымен танысуды, ақпараттық технологиялар саласы мен халықаралық кәсіпкерлік аясында білім өрісін кеңейтуді ұсынған екен.

Алайда семейлік студенттер Кореяға кете алмады. Бұл туралы блогер Насима Қорғанбекова өз парақшасында жазды. Ол қазақстандықтардың Кореяда визасыз жүру уақыты 30 күнді құрайтынын, алайда студенттер Алматыдан ұша алмағандарын айтып, қынжылды.

Бұл жағдайға жауап берген СІМ визасыз жүру мүмкіндігі білім алуға баратын тұлғалар үшін қарастырылмағанын мәлімдеді.

Қазір қазақстандық ЖОО бұл іске кінәлілерді анықтау үшін ішкі тексеру жүргізіп жатыр.

Одан бөлек, кореялық білім беру мекемесі де орын алған жағдайға қатысты кешірім сұрады.

"Кюндонг университетінің атынан мен Джон Ли ректорға және SKACC қатысушылары мен олардың ата-аналарынан Кореяда орын алған, 2019 жылға жоспарланған KDU қысқы бағдарламасының жоспарын бұзған иммиграциялық жағдай үшін кешірім сұраймын", -делінген хатта.

Сондай-ақ, шетелдік ЖОО тарапынан мәселені шешу үшін түрлі әрекеттер жасалған. Алайда, мәселені өте қысқа мерзімде реттеу мүмкін болмаған екен.

Ақпаратты көшіру мен пайдалану тек "Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772314-koreaga-zibermej-kojdy-kazakstandyk-studentter-jlerine-kajtatyn-boldy/

pixel