Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында оқушының анасынан таяқ жеген ұстаз жанайқайын айтты

Опубликовано:

Алматы облысында оқушыға ескерту жасаймын деп ата-ана тарапынан соққыға жығылған ұстаз ұзақ уақыт емделуден соң мектептен кетуге мәжбүр болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оқушының ата-анасынан таяқ жеген алматылық ұстаз жанайқайын айтты
Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz: UGC

Оқиға өткен жылы 16 қаңтарда орын алса да іс сотқа енді ғана жеткен.

Іле ауданы, Боралдай кентінде Кенен Әзірбаев атындағы № 15 мектепте орын алған оқиға тек сол білім ошағының ғана емес, барша ұстаздар қауымының наразылығын тудырған еді.

Сабаққа бөгет жасай берген 6 сынып оқушысына биология пәнінің мұғалімі Гүлзира Байділдаева бірнеше рет ескерту жасапты.

Ұлына ескерту жасалғанын естіген Митрошенко Надежда Павелқызы қаптаған оқушылар мен кабинеттегі мұғалімдердің көзінше ұстазды тепкілеп, шашынан сүйреп, дене жарақаттарын салған.

"Біріншіден балам үшін кек алдым. Сен осы мектепте істемейсің дедім бе, жұмыс істемейсің! Біз оп оңай ұра аламыз", -деп айқайлаған Митрешенконың әрекеті мектептің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 107 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық істі қарап жатқан Іле аудандық сотының судьясы Еркін Сейітов бүгін куәгерлерден жауап алды.

"Оқиға бірден болып кетті. Гүлзира Өтегенқызы жерде құлап жатты. Шашынан тартып, ұрғанын көрдім. "Қолдарыңнан ештеңе келмейді сендердің. Кім маған осылай тисетін болса, менің балама, қызыма қатысты қайсібірің, қай пән мұғалімі болсын сөйлейтін болса, осындай жағдайда болады. Мен дәл осылай ұрып кетемін" деп айтып жатты ол", - дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Жұбанова.

Ал 12 жыл биология пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келе жатқан Гүлзира Байділдаева ата-ананың әрекетінен қорқып, жұмыстан кеткенін алға тартты.

"Аудиограмма түсірімі бойынша, сол жақ құлағым 65% , оң жақ құлағым 25% естімейді. "Тугоухость" екінші дәрежелі деді.
Мирошенко Надежда Павловнаның агрессивті қылықтарынан қорқамын. Сол үшін ол мектептен кетуге мәжбүр болдым", - дейді ол.

Соққыдан миы шайқалып, 25 күн ауруханада, екі ай үйде жатқан ұстаз әділдікке жету үшін облыс прокурорына дейін барған.

Сағызша созылған сараптамадан соң да қылмыстық іс сан түрлі кедергілерден өтіп, оқиғаға тура бір жыл болғанда ғана сотқа түскен.

Ал құжаттағы баппен келіспеген шағымданушылар бүгін ауди-видео дәлелдердін судьяға бергенмен, өтініші қараусыз қалды.

Ал "ерлігімен" елді дүрліктірген күдікті қандайда бір түсініктеме беруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772370-almaty-oblysynda-okusyny-anasynan-taak-zegen-staz-zanajkajyn-ajtty/

pixel