Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазаға дайын болды": СІМ Сириядағы құтқару операциясы туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі Сириядағы қазақстандықтардың құтқарылуы мен елге оралуы жөніндегі мәліметтерді ашып айтты деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарын босату операциясы гуманитарлы күйде өткен.

"Қазақстан азаматтары елге оралуды өздері қалады. Олардың кейбірі қылмыстық жазаны өтеуге дайын болды" , - деді Айбек Смадияров.

Оның мәлімдеуінше, соғыс алаңында болған кейбір азаматтар туыстары мен БАҚ арқылы өзінің елге оралуына көмектесуді сұраған. Сәйкесінше, олардың бұл қалауы отандық мемлекеттік құрылымдардың қарауынсыз қалмады.

"Оған қоса, Сириядағы қарулы қақтығыс алаңында өз еркінен тыс болған қазақстандық балалар жөнінде ұмытпаған жөн" , - деді СІМ өкілі.

Смадияров қазақстандықтардың "Сириялық демократиялық күштеріне" өз еркімен берілгенін жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық арнайы мамандандырылған қызметтер оларды елге алып кетті.

"Қазақстандық әйелдер мен балалардың қайтып оралу шарасы әлі аяқталған жоқ. Қауіпсіздік мақсатында олардың анықталу мен құтқарылу операциясы, оған қатысы бар шетелдік тарап жөнінде ақпарат айтылмайды." , - деді ведомство өкілі.

Қазақстанға оралып үлгерген әйелдер мен балалар бүгінгі күні Маңғыстаудағы арнайы бейімдеу орталығына орналастырылған.

Бір ай бойы олар дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті тексерістерден өтпек.

Бұл аралықта олар ешкіммен тілдеспеу мен басқа жаққа орын ауыстыру құқығының шектелуіне өз еркімен келісімін берген.

Оған қоса, Сириядан оралғандармен психологтар, теологтар мен ұстаздар жұмыс жүргізетін болады. Оларға құжаттар мәселесін реттеуге көмек көрсетілмекші.

"Карантин аяқталған соң, кедергі келтіретін жайттар жойылған жағдайда әйелдер мен балалар бұрынғы тұрған жеріне қайтып оралады" , - деді Смадияров.

Айта кетейік, күні кеше Ақорда Сириядағы қазақстандықтардың құтқаруын іске асырған "Жусан" операциясының видеосын жариялады.

Аталмыш шара аясында 47 адам туған жеріне оралды. Құтқарылғандардың арасында 30-ы кәмелетке толмағандар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772399-zazaga-dajyn-boldy-sim-siriadagy-ktkaru-operaciasy-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel