Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорламақ болды": Ақтауда сүйіктісін қорғаған жігітті 7 адам жабылып сабаған

Опубликовано:

Ақтауда 20 жастағы жігітті моншаға келген жеті ер адам соққыға жығып, жағын сындырған. Ер адамдар ішімдікке тойып алып, жәбірленуші жігіттің қызын зорламақ болыпты. Бұл туралы inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

gx.net.ua
Көрнекі фото:gx.net.ua: Facebook

Бұл оқиға қаңтардың бірінен екісіне қараған түні, сағат 03:30 шамасында болған. Сол күні жәбірленуші жігіт жеке моншасы бар анасына көмектескен.

"Маған ұлым мен оның сүйікті қызы көмектесті. Кешке моншаға жеті адам келді. Олардың барлық қажетті заттарын берген соң, үйге кенже баламды ұйықтатуға кетіп қалдым. Ұлым мен қызым моншаға ие болып қалды. Қонақтар кеткен соң оны жауып шығуға тиіс еді", - деді жігіттің Олеся Аракчеева.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, ішімдікке тойып алған қонақтар үйлеріне қайтудың орнына бойжеткенмен көңіл көтермекші болған.

Жігіт қызын қорғамақ болғанда, оны аяусыз соққыға жығыпты. Сонымен қатар, ер адамдар кассадағы 150 мың теңгені де ұрлап кеткен.

"Ұлымның жағын сындырды. Басында сау жер қалмаған. Ол тіпті уақытша есте сақтау қабілетінен айырылып қалды. Қазір емді үйден қабылдап жатыр", - деді Олеся Аракчеева.

Аракчеевтер отбасы бірден полицияға арызданғанымен, күдіктілердің біреуі ғана кінәсін мойындапты. Қазір "Тонау" фактісі бойынша ғана іс қозғалған.

"Олар ұлымның денсаулығына нұқсан келтіріп, қызын зорламақ болды. Олар жазадан құтылып кете ме деп қорқып отырмын", - деді ашынған ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772427-zorlamak-boldy-aktauda-sjiktisin-korgagan-zigitti-7-adam-zabylyp-sabagan/

pixel