Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көшеден 112 мың теңге тауып алған оқушы оны иесіне қайтарып берді (фото)

Опубликовано:

Астанада 11 сынып оқушысы Илья Шавиков көшеден 112 мың теңге мен банк карталары бар әмиян тауып алған. Өзгенің затын иемденгісі келмеген ол бірден елордалық полиция департаментіне жол тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Астана полиция департаменті
Фото: Астана полиция департаменті: UGC

Оқушы әмиянды 8 қаңтар күні Кенесары көшесінде байқап қалған. Елордалық полиция департаментінде Табылған заттар бюросы бар екенін білетін ол бірден сонда жөнеліпті.

Келесі күні полиция қызметкерлері әмиянның иесін тауып, әмиянды қайтарған екен. Бойжеткен өз кезегінде Ильяны тәрбиелеген ата-анасына үлкен алғысын білдіріпті.

Астана ПД Табылған заттар бюросы сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі ас уақыты: 12:30-дан 14:30-ға дейін.

Мекен-жайы: Бейбітшілік 19.

Байланыс телефондары: 95-15-49; 71-60-32.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772552-astanada-kseden-112-my-tege-tauyp-algan-okusy-ony-iesine-kajtaryp-berdi-foto/

pixel